• Welcome to SST

  • Biomedicine

  • "I do not fear computers. I fear the lack of them" Isaac Asimov

  • Biology

  • "The essence of mathematics is its freedom" Georg Cantor

BWIlQhIs8fQҒылым және технологиялар мектебі келесі бағыттар бойынша жоғары білім берудің инновациялық және өзекті бағдарламаларын ұсынады: математика (ғылым бакалавры, ғылым магистрі), физика (ғылым бакалавры, ғылым магистрі), химия (ғылым бакалавры), биология (ғылым бакалавры, ғылым магистрі), есептеу техникасы (ғылым бакалавры, ғылым магистрі) және робот техникасы (ғылым бакалавры, ғылым магистрі, философия докторы).

Осы бағдарламалар жаратылыс тану ғылымы пәндері, математика және есептеу техникасы сияқты міндетті пәндерді зерттеуге негізделген және өздері Орталық Азияда және одан тыс өңірлерде жетекші техникалық мамандар болғысы келетін студенттерге арналған. Оқу жоспарлары таңдаулы халықаралық әдістемелер мен аккредитациялау стандарттарына сәйкес әзірленген және Қазақстанда жоғары білім беру реформасын жүргізу үшін үлгі болуға ұмтыла отырып ғылым мен техникалық прогресс саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

Бағдарламалардың тығыз интеграциялануының арқасында біз студенттерге олардың жеке және кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін күмәнсіз артықшылықтар ұсынып отырмыз. Өзгермейтін, мәңгі-бақи бола беретін ештеңе жоқ, сондықтан бүгінгі озық деген технологиялар ертең ескіге айналады. Шоғырландырылған базаға ие болған ғылыми-техника мамандары ғана әлемнің жылдам өзгеріп отыратын болмысына лайықты бола алады және орнықты даму проблемаларын шешеді.

Мектеп сондай-ақ оқытудың ерекше әдістемелерімен сипатталатын бірнеше көпбейінді зерттеу бағыттарын ұсына отырып озық ғылымды дамытуға белсенді қатысуда. Барлық мамандықтар студенттерінің алдында ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу үшін кең мүмкіндіктер ашылған. Мақсат әр түрлі міндеттерді шешу қабілетін дамытып қана қоймай, стандарттан тыс ойлауды да дамыту болып табылады. Бізге келіңіздер, біз Сіздің әлеуетіңізді жарқырата ашуға уәде береміз!

Ізгі ниетпен,

Вассилиос Турассис, PhD.

Ғылым және технологиялар мектебінің деканы

 

 

Follow Us