Миссиясы

Ғылым және технологиялар мектебінің миссиясы осы Мектептің студенттерін өз халқына және бүкіл әлемге қызмет етуге дайын, сыни ойшыл және дербес оқушылар ретінде тәрбиелеу мен олардың білімдерін жетілдіру болып табылады.  Ғылым және технологиялар мектебі Қазақстанда, сол сияқты  бүкіл Орталық Азияда ғылым және технологиялар саласындағы білім беру мен зерттеудің жетекші орталығына айналады.

 

Пайымдауы

Ғылым және технологиялар мектебі білім беру мен озық ғылыми-техникалық әзірлемелер саласындағы үздік әдістемелерді біріктіретін әлемдік жетекші мектептердің біріне айналады. Осы синергия техникалық дағдылардың жоғары деңгейін сыни тұрғыда ойлау және міндеттерді шешу дағдыларымен біріктіретін  бизнес және өнеркәсіп саласындағы көшбасшыларды даярлауға көмектеседі. Ғылымдар және технологиялар мектебінің түлектері әлемдік жетекші университеттер мен зерттеу институттарында, ауруханаларда, ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ үкіметтік мекемелерде жұмысқа орналасу үшін сұранысқа ие мамандар болады.