Биология

BiologyБиология кафедрасы инновациялық бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарламалар биология ғылымы мен технологияның қазіргі заманғы салаларында теориялық іргелі курстардан және практикалық зертханалық тәжірибеден тұрады. Кафедрада мамандану салалары: жасушалық және молекулалық биология, молекулалық технологиялар және молекулалық генетика, дәрілік заттарды ойлап табу, микробиология, биотехнология, обыр биологиясы.

Біз зерттеу саласында өршіл, проблемаларды шешуге батылдығы бар және биология мен биомедицина саласындағы зерттеулерге өздерін арнауға немесе медициналық қызметке одан әрі өтінім беруге дайын орта мектептердің  түлектерін қолдаймыз.

Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін студенттер магистр немесе философия докторы дәрежесін алу үшін немесе МКАТ-ты (медициналық колледжге түсу емтихандары) жоғары медицина мектебіне өтінім беру үшін жоғары білім туралы диплом алуына болады.

Химия

ChemistryХимия кафедрасында біз зерттеулерге, гранттық қосымшаларға және халықаралық ынтымақтастыққа белсене қатысудың  арқасында  тамаша білім беру және зерттеу жүргізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз  проблемаларды шеше алатын және өздерін химия саласындағы зерттеулерге арнауға дайын орта мектептердің білікті түлектерін қолдаймыз.  

Компьютерлік ғылымдар

Computer ScienceКомпьютер ғылымдары кафедрасы оқушыларымызға салыстырмалы түрде жас, бірақ жылдам дамып келе жатқан саланың мәселелерін еңсеруге ұмтылады. Бағдарламаларымыздың жалпы білім беру мақсаттары компьютерлік ғылымның  негізгі қағидаттары мен басты бағдарларымен  таныстыруды қамтиды. Студенттерге өнеркәсіпте, үкіметте және академиялық ортада мансапқа жол ашатын инновациялық зерттеулерге қатысу мүмкіндігі қолжетімді. Бөлімде мамандандыру салалары мыналарды қамтиды: бағдарламалық инженерия, зияткерлік жүйелер, киберқауіпсіздік, сенсорлық желілер, мобильді есептеу және деректердің үлкен талдауы.

Математика

MathematicsМатематика кафедрасында біз зерттеулерге, гранттық қосымшаларға және халықаралық ынтымақтастыққа белсене қатысудың  арқасында  зерттеулерде де сондай-ақ теориялық білім беруде де табысты болуға ұмтыламыз. Біздің мықты тұстарымыз қолданбалы математика, статистика және таза математика салаларында, әсіресе физика, биология, экономика және инженерлік ғылымдардың көптеген оқытушылары тартылған  пәнаралық зерттеулер саларында жатыр.

Физика

Physics

  1. Біз физиканы іргелі зерттеулерді, қолданбалы физиканы тереңдетіп талдауды және біздің өркениетіміз үшін шешуші мәнге ие болатын келесі буын құрылғыларын және технологияларын дамытуды біріктіретін физика кафедрасын құрамыз. Біздің миссиямыз - ғылыми-зерттеу және оқыту саласындағы артықшылық. Біз Қазақстанда физиктердің жаңа ұрпағын үйретіп қана қоймай,олардың талдау қабілеті болашақта осы ел және әлемдік қауымдастық бетпе-бет келетін ғылымның да, техниканың да, экономиканың да, медицинаның да  немесе тіпті саясатты әзірлеудің де аса күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін проблемаларды  сараптамалық  шешушілерді оқып үйретеміз.
Робототехника

Тез өркендеп келе жатқан Роботтехникасы және мехатроника  кафедрасы озық зерттеулерге арналған қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ететін заманауи жабдықтары бар жаңа оқу және зерттеу зертханаларымен қамтамасыз етілген. Лазерлік сканерлер, 3D-принтерлер, баспа станоктары және престер, өнеркәсіп  роботтарының манипуляторлары, мобильдік  роботтар жүйелері, қозғалысты  қармау жүйесі, қосымша нақтылық көзілдіріктері, тактильді кері байланыс және қозғалысты басқару қондырғылары сияқты заманауи жабдықтар біздің студенттер үшін оңай қолжетімді және біздің оқу бағдарламамызға белсенді біріктірілген.