Магистр дәрежесі бар, жоғары оқу орнының оқытушысы немесе зерттеушісі мансабына қызығушылық танытатын білім алушылар үшін Назарбаев Университеті Инженерия және технологиялар саласындағы ғылым докторы бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаны Ғылым және технологиялар мектебі Инженерия мектебімен бірлесіп ұсынады, сондықтан білім алушылар екі мектептің және барлық мамандықтар бойын- ша зертханалық және техникалық жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктеріне ие болады. Докторантура бағдарламасының ұзақтығы – 4 жыл, осы уақыт ішінде студент ғылыми жетекшісінің және Диссертациялық Кеңестің бақылауымен зерттеу жұмыстарымен айналысады.