271330

Анара Сандыгулова, Ғылым докторы


Департамент: Робототехника
Лауазым: Ассистент профессор
Дәрежесі:
Кеңсе: 7e.320
Email: anara.sandygulova@nu.edu.kz
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 694679

Анара Астана қаласына кқшіп келуден бұрын Ирландияда Дублин университеттік
колледжінде білім алған. Оның Информатика саласындағы бакалавр деңгейі екі мектептің
бірігуінен тұрды: Ирвин Калифорниялық университеті және Дублиндегі университеттік
колледжі. Анараның дипломдық жұмысы «Ең үздік жоба және презентация» атағын жеңіп
алды. Анара өзінің ерекше зерттеу жұмыстары үшін Джон Келли Мемориалы медалі
иегері (2011 жыл).

Ирландия зерттеу одағының өзі ұсынған зерттеу жобасына арналған шәкіртақысына ие
болып Анара оқуын Дублин университеттік колледжінде Информатика мектебінде
жалғастырды. Анараның PhD кезіндегі зерттеу жұмыстары балалардың роботқа қатысты
көз-қарастарының жылдар бойы өзгеруін үйренуге арналды. Бұл жұмыстың басты
мақсаты – осы өзгерістерге бейімделетін роботты жасау болды. Анара гуманоид-робот
NAO-мен болған қарым-қатынастан туындайтын балалардағы гендерлік дамуды зерттеп
үйренді. Өз PhD барысында Анара Дублинде 5 және 16 жас аралығындағы екі мыңнан
аса балдармен тәжірибелер жасады. Оның осы саладағы жұмыстары адам және робот
қарым-қатынастарына байланысты болған Билефульд қаласындағы HRI'2014
семинарларында қатысқан. Өз зерттеу және ақпараттық-насихаттық жұмысы үшін Анара
2014 жылы Еуропада, Жақын Шығыс және Африкада Google Anita Borg шәкіртақысымен
марапатталды.

Анара EUCog (жасанды когнитивтік жүйелерді және робототехниканы жақсарту желісінің
мүшесі) және RobotDoc (роботоехниканы дамыту бойынша Marie Curie Doctoral Training
докторантурасы) алқасының қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Академиялық қызметінен басқа Анара орта және бастауыш мектеп оқушыларына
робототехника туралы сабақ береді.


ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 
Анараның зерттеу дұмыстары адам-робот қарым қатынастары, машиналық үйрету,
есптеулер салаларының біріккен түйіні болып табылады. Ол адам-робот қарым-
қатынасында туындайтын әлеуметтік машқалаларды робототехника, есептеулер және
психологиялық әдістерді қолдана отырып шешуді үйренуде.