73671

Атакан Хусейн Варол, Ғылым докторы


Департамент: Робототехника
Лауазым: Кафедра меңгерушісі
Дәрежесі:
Кеңсе: 7.240
Email: ahvarol@nu.edu.kz
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 706561

БІЛІМІ
2009 – PhD, Электротехника, Вандербильт Университеті, Нашвилл, АҚШ
2007 – MSc, Электротехника, Вандербильт Университеті, Нашвилл, АҚШ
2005 – Бакалавр, Мехатроника, Сабан Университеті, Стамбул, Туркия


Д-р Варол Назарбаев Университетінің Ғылым және Технологиялар мектебінде
Робототехника факультетіің деканы және доценті болып табылады. Оның зерттеу
жұмыстарындағы және оқытудағы басты екпін – роботталған және мехатрондық
құрылғыларды басқару және жасау.

Доктор Варол техникалық ғылымдар магистрі және докторы деңгейін 2007 және 2009
жылдары АҚШ-да Вандербильт Университетінде жасаған. Бакалавр дуңгейін мехатроника
саласы бойыншы Туркияда Сабанчи Университетінен 2005 жылы алған. Назарбаев
Университетінде өз қызметін бастаудан бұрын Доктор Варол Вандерильт Университетінде
Интеллектуалдық мехатроника орталығында зерттеу жұмыстарын өткізуші ғылыми
қызметкер – механик міндетін орындаған. Сонымен бірге, Вандербильт Университетінің
биоинформатика бөлімінде ғылыми бағдарлама жасаушы болып қызмет көрсеткен.
Атакан Варолдың басты зерттеу жұмыстары негізінен робототехниканың медициналық
және оңалту мақсаттарында қолдануына арналған адам-робот қарым-қатынастарына
қатысыты. Ол төменгі және жоғарғы аяқ бөліктерін роботталған протездеуді басқару және
жасау бойынша зерттеу жұмыстарын алып барған. Мехатрондық жүйенің дизайны,
интеллектуалдық автоматтандыру – Атакан Варолдың зерттеу жұмыстарына қатысты
салалар. Ол 25-тен артық рецензияланған журналдық және конференциялық
басылымдардың авторы және бірлескен авторы болып табылады. Серік авторымен бірге
Робототехника оңалтуы электроникасы және электротехникасы инженерлерінің
конференциясында (TNSRE Best Paper Award) 2009 жылдың үздік мақаласы иегері
атанған. Осыған қоса, ол бионика саласындағы жеті патенттің авторларының бірі. Осы
патенттердің ішінде бесеуі протездеу индустриясында коммерциялық серіктестікке
лицензияланған. Ол IEEE және Америка инженер-механиктер одағының мүшесі болып
табылады.

Доктор Варол Назарбаев Университетінде ARMS Laboratory
лабораториясының негізін салушы болып, қазіргі күнде Қазахстан Республикасының Білім
және Ғылым министрлігі және Назарбаев Университетінің Зерттеу фонды және
Дүниежүзілік банкы тарапынан қамтамасыз етілетін гранттарды басқарады.
Доктор Варолдың жүріп жатқан зерттеу жұмыстары туралы толық мағлұматты ARMS
(arms.nu.edu.kz) веб-сайтынан қарауға болады.


ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Медициналық және оңалтушы робототехника, интеллектуалдық автоматтандыру,
кіріктірме жүйелері.