Қазақстан Республикасының бюджет есебінен қаржыландыру

«Назарбаев Университеті» білім беру гранты – тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы, Назарбаев Университетіне оқуға қабылданғандар тиісті бағдарлама/мамандықтың оқуға қабылдау ережелеріне сәйкес марапатталады.

Білім алушыларға оқу құны қамтылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес ай сайынғы жәрдемақы және төмендетілген жол ақысына өтемақы төленеді.

«Назарбаев Университеті» білім беру гранты мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде және /немесе «Болашақ» халықаралық стипендия аясында тиісті дәреже бойынша деңгейге ие болған тұлғаларға берілмейді.

Назарбаев Университет есебінен қаржыландыру

«Ыбырай Алтынсарин» гранты – Тиісті бағдарлама/мамандығы бойынша Университетке түсу үшін Қабылдау комиссиясы ұсынған тізіміне енгізілген, және келесі бір немесе бірнеше талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі:

  • жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • I, II және III топтардың мүгедектері болып табылатын тұлғалар;
  • көп балалы отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • ата-аналарының біреуі немесе екеуі де I, II және III топтардың мүгедектері болып табылатын тұлғалар.

Грант Назарбаев Университетімен қаржыландырылған, тек оқу ақысын ғана қамтиды. Жәрдемақы және төмендетілген жол ақысына өтемақы қарастырылмаған. Гранттар тиісті бағдарлама бойынша оқудың барлық кезеңіне беріледі.

Білім алушылардың өз есебінен қаржыландыруы (ақылы оқуға түсу)

Ақылы оқытуға қабылдау тиісті бағдарлама/мамандық бойынша қабылдау ережелеріне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. Оқу ақысының мөлшері Университет мектебі сайтының тиісті бағдарлама/мамандық бөлімінде көрсетілген.

«Назарбаев Университеті» дербес білім ұйымының университет алдындағы дайындық, бакалавриат және магистратура бағдарламаларында оқу ақысын төлеу кезінде белгілі бір үміткерлер санаттарына жеңілдіктер көзделген, оның ішінде: 

Бағдарлама

Білім беру құны / 1 жыл

Биология ғылымыдары саласының бакалавры

7 590 000 KZT

Химия ғылымдары саласының  бакалавры

7 590 000 KZT

Компьтер ғылымдары саласының  бакалавры

7 590 000 KZT

Математика ғылымдары саласының бакалавры

7 590 000 KZT

Физика ғылымдары саласының бакалавры

7 590 000 KZT

Роботтехниксы және мехатроника саласынның  ғылым бакалавры

7 590 000 KZT

Математика саласы ғылымдарының магистрі

8 910 000 KZT

Компьтер ғылымдары саласының магистрі

9 247 000 KZT

Физика ғылымдары саласының магистрі

8 910 000 KZT

Роботтехникасы ғылымдарының магистрі

8 910 000 KZT

Биология ғылымдары саласының магистрі

8 910 000 KZT

Университет алдындағы дайындық, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бакалавриат және магистратура бағдарламаларында  білім алғаны үшін төлем кезінде талапкерлердің белгілі бір санаттары үшін жеңілдіктер көзделген, оның ішінде:

No.

Адамдардың санаттары

Оқу бағдарламасы

1.      

Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдар

Университет алдындағы дайындық, бакалавриат

2.      

I, II және III топтары бойынша мүгедектігі бар адамдар

Университет алдындағы дайындық , бакалавриат, магистратура

3.      

Көпбалалы отбасылардан шыққан адамдар

Университет алдындағы дайындық , бакалавриат, магистратура

4.      

Мүгедектің I, II және III топтары бойынша мүгедек ата-аналарының біреуі немесе екеуі бар адамдар

Университет алдындағы дайындық , бакалавриат, магистратура

5.      

«Алтын белгі» белгісімен марапатталған немесе үздік білімі туралы құжаттары бар тұлғалар (сертификаттары,  дипломдары)

Университет алдындағы дайындық , бакалавриат

6.      

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері

Магистратура

7.      

Түлектің  немесе «Назарбаев Университеті» дербес  білім беру ұйымында ақылы негізде білім алып жүрген тұлғаның жақын туыстары, жұбайы

Магистратура

8.      

Оралмандар және этникалық қазақтар

Университет алдындағы дайындық , бакалавриат, магистратура

9.

«Назарбаев Университетінің» түлектері

Магистратура

10.

Төмендегі спорттық атақтарға, разрядтаға немесе біліктілік санаттарының біреуіне ие тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері

2) Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері

3) Қазақстан Республикасының спорт шебері

4) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы

5) Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер

Университет алдындағы дайындық , бакалавриат, магистр

Білім бергені үшін жеңілдіктер  туралы қосымша ақпарат алу үшін, Bursar кеңсесіне хабарласыңыз:  тел — 8 (7172)70 66 20, еmail —  bursars_office@nu.edu.kz