vt

Вассилиос Туррасис, Ғылым докторы


Департамент: Робототехника
Лауазым: Декан
Дәрежесі:
Кеңсе: 7.239
Email: vassilios.tourassis@nu.edu.kz
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 709089

БІЛІМІ

1985 – Ph.D. Карнеги-Меллон Университеті, Питтсбург, АҚШ

1982 – Ғылым Магистрі, Карнеги-Меллон Университеті, Питтсбург, АҚШ

1981 – Инж. Дипл.   Салоникидегі Аристотель Университеті, Греция


Профессор Тоурассис бакалавр деңгейін Солоникидегі Аристотель Университетінен электротехника саласында алған (5-жылдық Бакалавриат+Магистратура біріктірілген программа), және магистр және  PhD деңгейлерін болса АҚШ-да Питтсбургте Карнеги-Меллон Университетінен алған. Назарбаев Университетінде өз қызметін бастаудан бұрын профессор Тоурассис Карнеги-Меллон Университетінің Робототехника Институтында ғылыми қызметкер, Нью-Йоркте Рочестер Университетінде профессор, Грецияда Фракия Демокрит  Университетінде Даму және Зерттеу бойынша проректор міндетін орындаған. Оның қазіргі зерттеу қызығушылықтары мехатроника, өндіріс және инновацияны қамтушы   робототехника және модулді  робототехника салаларындағы жаңашылдық жұмыстарынан кейін пайда болған. Профессор Тоурассистің 90-нан артық мақалалары рецензияланған журналдар мен халқаралық конференцияларда басылым көрген.  Оның жетекшілік еткен сегіз PhD студенттері АҚШ, Сингапур, Греция, Испания и Нидерланды сияқты елдерде өнеркәсіп салаларында қызмет атқаруда. Профессор Тоурассис электротехника және электроника инженерлері институтының аға мүшесі (IEEE) болумен бірге өндіруші-инженерлер одағының да (SME)  мүшесі және ол «Техника және ғылымда кім негізі кім», «Америкалық білімде кім негізі кім» және  «Әлемде кім негізі кім»-ге де қосылған.  Ол жоғары білім беру саласындағы халқаралық форумдарға да белсенді қатысып отырады. Профессор Тоурассис білім беретін Азия-Европа Фонд  орталығына шақырылған эксперт және Жоғары білім беретін институттарды пайда етуді басқарушы одақ мүшесі болып табылады.


ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

Өндірістік жүйелер  – Таза энергияны өндіру  – Инновация – Технологиялық  политика


СОҢҒЫ БАСЫЛЫМДАР

  1. E.G. Karakasis, G.A. Papakostas, D.E. Koulouriotis, V.D. Tourassis, “A Unified Methodology for Computing Accurate Quaternion Color Moments and Moment Invariants“, IEEE Transactions on Image Processing, 23(2):596-611, 2014.
  2. G.A. Papakostas, E.G. Karakasis, D.E. Koulouriotis and V.D. Tourassis, “Moment-Based Local Binary Patterns: A Novel Descriptor for Invariant Pattern Recognition Applications”, Neurocomputing, 99:358-371, 2013.
  3. K.N. Genikomsakis and V.D. Tourassis, “Task proximity index: a novel measure for assessing the work-efficiency of assembly line balancing configurations”; International Journal of Production Research, 50(6):1624-1638, 2012.
  4. D.E. Koulouriotis, A.S. Xanthopoulos, and V.D. Tourassis, “Simulation optimisation of pull control policies for serial manufacturing lines and assembly manufacturing systems using genetic algorithms”; International Journal of Production Research, 48(10):2887–2912, 2010.
  5. K.N. Genikomsakis and V.D. Tourassis, “Effective cycle time: a real world balancing index for paced assembly lines”; Journal of Advanced Computational Intelligence and Intelligent Informatics, 14(5):431–441, 2010.